Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кубик жинаушылар туындыны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арнады, деп хабарллайды Caravan.kz медиа порталы.
Команда құрамына 11 сынып оқушылары Ертұрсынов Әлихан, Мырзакаримов Әмір, сондай-ақ "Елбасы медалі" жобасының қола деңгей қатысушысы Расчетов Павел және колледж студенттері Рахатов Дильмар мен Казез Жанат кірді.
Бұл – олардың биыл жасаған 4-жұмысы. Бұған дейін олар көрермен қауымға жеңіс күніне орайластырылған Әлия Молдағұлова, ақын-ағартушы Абай Құнанбаев және Әлихан Бөкейхановтың туған күніне арналған панно ұсынған.
Жұмыстардың негізгі мақсаты - Қазақстанда "Спидкубингті" насихаттау.