Семейде 1300 «МТЗ» тракторы шығарылады


Вице-министр атап көрсеткендей, бүгінде Қазақстанда шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасы барлық заманауи талаптарға сай келеді деп айту қиын. «Дегенмен, ол сала бір жерде тұрған жоқ. Оны дамыту мақсатында мемлекет жан-жақты қолдау шараларын жасап келеді. Біз болсақ, ауыл шаруашылығы саласын сапалы техникамен қамтамасыз етуіміз керек. Негізі, өз жерімізде шығарылатын техниканың саны жыл сайын артып отыр ғой. Әрине, біз оның барлығын шетелдік әріптестермен, оның ішінде Кедендік одақ елдерімен бірлесіп, құрастырып жатырмыз. Мәселен, биыл Семей қаласында шамамен 1300 «МТЗ» тракторы шығарылатын болады», - дейді А.Рау.