Басқарма ақпаратына сәйкес, кеше кешке 17 сағат 35 минутта Әуезов көшесіндегі көп қабатты 3 үйде ағаш ағаш конструкциялар жанған. "Үйдің 4,7 және 8 қабаттары жанды. Басы күйіп қалған бір адам ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмектен кейін үйіне жіберілді", - деп хабарлайды мекеме.
"106, 125 және 143 пәтерлер зардап шекті, ондағы өрт 18 сағат 27 минутта сөндірілді", - дейді басқармадағылар.
Қазір өрттің шығу себептері мен материалдық шығын есептелуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті