Сыйлықтар бүгін салтанатты жағдайда табыс етілді. "Бұл асқан сұрапыл қиян-кескі соғыс болды. Бірақ ол жас ұрпаққа сіздердің ерліктеріңізден үлгі алып, өзара бірігуге, бірге болуға мүмкіндік берді", -деді медальдарды табыс еткен Семей әкімінің орынбасары Тұрсынғазы Мүсәпірбеков.
Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Анатолий Еременконың хабарлағанындай, "Неміс фашистік басқаншыларынан Украинаны азат еткені үшін" медалін Украина президенті 2004 жылы шығарған. Сол жылы 500-дей семейлік ардагерлер осы медальмен марапатталған. "Ал қалада Украинаны азат етуге қатысқан ардагерлер көп. Әйткенмен, сол кезде ардагерлердің бәріне бірдей медаль жетпей қалған еді. Үш жылдан кейін ғана қалған сыйлықтар өз иелерін тапты", - деді А. Еременко.
"Меніңше, бүгін медаль алған адамдар әлі де сапта. Бұл - мемлекеті мен қоғамның игілігі үшін тынбай еңбек етіп, барын берген отанына асқан адал жандар. Ал қазір олар біздің тәуелсіз, көпұлтты Қазақстанымызды гүлдентуге қолұшын беруде", - деді А. Еременко.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті