Автобустардың жол ақысы қымбаттады. Автобустардағы бұрынғы баға 20-дан 25 теңге аралығында болған. 1-қыркүйектен бастап баға 30 теңге болды. "Семей автопаркі" ЖШС диспетчерлік қызметінің хабарлауынша, жол ақысының қымбаттауы жанар-жағармай бағасының көтерілуіне байланысты.
Бағытты таксилердегі жол ақысы бұрынғыдай 35 теңге қалпында қалып отыр. Жол жүру билетінің бағасы әзірге өзгерген жоқ - 2 мың теңге.