Семейде 1-ші ЖЭО бу қазандығы жарылып, бір адам қайтыс болды

Қосалқы станцияның аға дәрігері Роза Жыбыраеваның ақпараттарына сүйенсек, "жедел жәрдемнің" кезекші бөліміне бүгін 11 сағат 24 минутта шақыру келіп түскен. "1-ші ЖЭО қазандықтың жарылғандығы белгілі болды. Төрт адам зардап шегіп, оның біреуі оқиға орнында күйік салдарынан қайтыс болды",- деді Роза Жыбыраева. "Жұмысшылардың айтуынша, қайтыс болған 54 жастағы жұмысшы ЖЭО жұмысқа жуықта ғана орналасқан және бүгін оның бірінші жұмыс күні болатын",- деп қосты ол.

Ыстық буға күйген үш адам жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілген. "Олар 1, 2 және 3 дәрежедегі күйік алған",- деп нақтылап өтті Роза Жыбыраева.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті