Семейде 2006 жылы тіркелген қылмыстар саны 4,4 пайызға төмендеді

Баспасөз хабарламасында қаладағы қылмыстың азаюы "Құқық және тәртіп", "Допинг", "Қару", "Іздеу", "Мал ұрлау" сияқты жедел - алдын-алу шараларын жүргізу нәтижесінде қол жеткізілгендігі айтылған.

Қылмыстық жаза жүктелуге тиіс барлық қылмыстардың 811- ауыр қылмыстар (2005 жылмен салыстырғандағы 14,5 пайызға өскен). Өткен жылы Семейде бөтен мүлікті ұрлау оқиғалары 4,3 пайызға төмендеп, 2143 оқиға тіркелген (алдыңғы жылы - 2050).

ІІБ мәліметтеріне сүйенсек, 2006 жылы қалада іздеу салынған 363 қылмыскердің 258-і құрықталған. Есеп беру кезеңі бойынша хабар-ошарсыз кеткен 300 адамға іздеу салынып, олардың 254-нің жүрген жері анықталған.

Семейде өткен жылы 54 адамның өмірін қиған және де 330 адамның жарақат алуына әкеп соқтырған 2941 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 2941 жол қозғалысының ережесін бұзу дерегі анықталып, тіркелген, олардың 885-і жол-көлік ережесін өрескел бұзу дерегі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті