Семейде 2007-жылы өзендегі вокзал салына бастайды

Оның айтуынша, вокзал салу 2006-2008-жылдарға арналған Семейді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында қарастырылған. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 2007-жылы 80 млн теңге бөлінеді. Тағы 80 млн теңгенің 2008-жылы бөлу межеленген. Қазір нысанның жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Сонымен бірге болашақ вокзалдың орналасатын жеріне қатысты мәселе шешілуде.

Семейде 2005-жылы Ертісті бойлай өзендегі кеме қатынасы қайта жанданғаннан бері өзендегі вокзал салу қажетігі туындаған. Осы мерзімде кемелер кеме жөндейтін зауыттың тұрағына тоқтауға мәжбүр болып келді. Семейде кеме қатынасы тоқтап қалған 18 жылда бірде-бір айлақ қалмаған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті