Семейде 2008 жылы 39 млрд теңгеге жоспарланып отырған құрылыс нысандары салынады

"Биылғы жылдың ең үлкен құрылыс нысаны-бұл Бұлақ ГЭС. Қазір біздерде электр қуатын тұтыну көлемі өте жоғары, ал құрылыс аяқталғаннан соң өзіміздің қорымыз болады ", - деп атап өтті К. Мирашев.

Қалалық мәслихат хатшысының пікірінше, биылғы 2008 жылы басталатын құрылыс нысандардың басым көпшілігі әлеуметтік саласына қатысты. Мәселен, олар "Холодный ключ" ықшам ауданындағы 400 орынға арналған мектеп пен 1200 орынды 343 кварталындағы мектеп. "Сонымен қатар, екі аурухаға құрылысы,дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 4 шақырымға созылатын жағалау, өзен вокзалы тұрғызылады", - деді К. Мирашев.

Ол хабарлағанындай,"бүгінде республикалық бюджеттен ипотекалық және коммуналдық баспана бағдарламасы аясында үйлерді салуға арналған қаржы келіп түсті".