"Инвестор ретінде Корея компаниясы келді, бірақ екі жылдан бері жоба қозғалыссыз жатыр ", - деді С. Володько.
Ол айтқанындай, инвесторлар 3-ші ЖЭО-ның орналасатын жерін ауыстырды. Жылу орталығы қаланың оң жағалауына жылу беріп қызмет көрсететініне қарамастан, олар нысанды сол жағалауда салуды жоспарлады. Осыған байланысты енді техникалық экономикалық негіздемесін толық ауыстыру керек, өйткені жылу желілерін бір жағалаудан екіншісіне дейін тарту керек.
"Инвесторлармен жүргізіліп жатқан келіссөздер ауыр өтуде", -деді Семей әкімінің орынбасары Александр Ершов.
Сенаторлар Семейдің жылумен қамтамасыз ету жүйесін дамыту бағдарламасы бойынша мәселесі алаңдатты. Сенат депутаттары айтқанындай, "3-ші ЖЭО мәселесі әлі анықталмағандықтан, алдағы жылуды беру кезеңінде ауыртпашылыққа тап болмау үшін, әзірге бар жылу көздерінің күрделі жөндеу жұмыстарын қолға алу керек ".