Семейде 500-ге жуық жеткіншек наркодиспансерде есепте тұр

Оның айтуынша, есепте тұрған 14 балаға «маскүнем» деген диагноз қойылған.

Есепке алынғандар 10-13 жас аралығындағы жасөспірімдер.

Г. Асылбекованың мәліметіне қарағанда, нашақорлықтың алдын алу мақсатында және маскүнемдікті ауыздықтау үшін наркологиялық диспансер Семейдегі 12 аула клубымен қарым-қатынас орнатқан. Әр клубқа дәрігер бекітілген. Ақ халаттылар балалармен үнемі нашақорлықтың кесірі жайында әңгіме жүргізеді,-дейді Г.Асылбекова.

Нарколог-дәрігердің айтуынша, есірткіге тәуелділік неғұрлым ертерек анықталса , сауығып шығу мүмкіндігі артады.