Семейде 7 жастағы баланы бетон плита басып қалды

Қайғылы оқиға өткен демалыс күні "Көктем" базары маңында болған. Базарды қоршай тұрғызылған бетон плиталар бекітілмеу салдарынан құлап, 7 жасар баланың үстінен басып қалды.

Баланы құтқару шарасына жедел жәрдем көлігі, полиция жасағы мен құтқару қызметінің мамандары қатысты. Алайда, дәрігерлердің айтуынша, бала өмір сүруге мүмкіндік бермейтін ауыр жарақат алған.
Қазір баланың қаза табуына байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.