Семейде 7-сынып оқушысын сыныптастары жабылып зорлаған

Семейде мектеп оқушысы зорланған, осы дерек бойынша тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осы деректі ШҚО ІІД өкілдері растап отыр. Полицейлердің айтуынша, қазіргі уақытта бірқатар сараптама тағайындалған. "Осы дерек бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Бірқатар қажетті сараптама тағайындалды. Істі мән-жайы жан-жақты анықталу үстінде.

Тергеу барысын ІІД бақылауға алды", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері. Істің мән-жайы айтылмай отыр. Кейбір мәлімет бойынша, қыз 7-сынып оқушысы, оны 7-сынып оқушылары зорлаған деген де мәлімет таралып жатыр.