Семейде 82 жастағы қарт пен 77 жастағы кейуана некесін қиды

Некелесу салтанаты жалғызбастылар, қариялар мен еңбекке қабілеті жоқ жандарға әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері бар аумақтық орталықта өтті. Жұпты осы орталық өз қамқорлығына алған. "Сексеннің сеңгіріндегі жасамыс жұп отбасын құруға шешім қабылдапты. Василий Диков қазір 82-де, ал Римма Межова 77-де. Олар екі жылдан бері бірге тұрады",- деді орталық директоры Галина Дүйсенбаева.

Оның айтуынша, бұл - орталық тарихындағы осындай он төртінші неке. Желтоқсанда тағы бір жұп некесін тіркемекші. Бұл салатанаттарды жұптар Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 15 жылдығына арнайды.

Қалыңдық пен күйеу алғаш рет Ұлы Жеңістің 60 жылдық мерейтойында кездескен. Содан бері жұптарын жазбапты. "Ол арақ ішпейді, темекі тартпайды. Сол себепті маған ұнады",- дейді Римма Межова өз қалаулысы туралы. "Римма Степанованың мінезі өте жақсы. Мен оны, ол мені сүйеді. Бір-бірімізге шауашылықта қолғабыс жасаймыз. Жалғыз тұрғаннан жұптасып күн кешу қызықты емес пе",- дейді жаңа күйеу.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті