Семейде 9 ай ішінде жол апатынан 35 адам қайтыс болған - жол полициясы бөлімі

Жол полициясы бөлімінің ақпараттарына сүйенсек, 2007 жылдың 9 айында Семей көшелері мен қала сыртындағы тас жолдарда 195 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 35 адам мерт болып, 205 адам жарақаттанған.

"Жыл басынан бері қалада жүргіншілерді соғып кетуге қатысты 143 дерек тіркелген, олардың 26-ы қайтыс болып, 160 адам жарақат алған. 60 жағдайда жүргізушілер жол-көлік оқиғасы болған жерден бой тасалаған. Оларға ең қатаң жаза қолданылатын болады",- деп атап өтті жол полициясындағылар.

Жедел медициналық көмек көрсету мекемесінің мәліметтеріне сүйенсек, сенбі күні таңғы 8 шамасында 72 жастағы әйел жүргіншіні соғып кеткен. "Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Ол басынан жарақаттанған",- деп түсіндіріп өтті дәрігерлер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті