Семейде Абай марафоны өтеді

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.,

18 қыркүйек күні Семейде Абай марафон өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары 3, 5 және 10 шақырымдық үш қашықтықтың бірін таңдап жүгіруден бақ сынасады. Мәреге жеткен әр спортшыға естелік медаль мен жеңімпаз жейдесі табысталады.

«Мұндай шара Семейде алғаш рет ұйымдастырылмақ. Қатысушылар қаланы түгел аралап жүгіріп шығады. Ерлер мен әйелдер арасындағы ең үздік нәтиже көрсеткен әрбір үш қатысушы арнайы медальдармен марапатталады. Ниет білдірушілер globalsport.kz сайтына кіріп, тіркеле алады», - деп хабарлады Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.


Қатысушылар ең әуелі Бейбітшілік аралына жиналады. Одан кейін қалаға қарай бет алып, көпірден өткеннен кейін Абай даңғылы арқылы Семейдің орталық алаңына қарай жүгіреді. Тұрлыханов даңғылына жеткен соң қаланың бас көпіріне көтеріліп, одан Абай атындағы мешітке жетеді. Содан соң ескі көпір арқылы Абай көшесіне қайта оралып, оның бойымен аралға барады.