Семейде адасып кеткен бір жарым жастағы қыздың ата-аналары табылды

Бір жарым жастағы Настяның 18 жасар анасы қызы жоғалып кеткеннен бір тәуліктен соң полицияға жүгінген. "Белгілі болғандай, тойлап отырған олар бала туралы ұмытып кеткен",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта баланың құжаттарына тексеру жүргізіліп жатыр, осыдан кейін қыз анасына қайтарылады.

Бұрын хабарлағанымыздай, 7-қарашада күндіз "Юность" ықшамауданында полицейлер қаңғып жүрген бір жарым жастағы қыз баланы тауып алған. Оны "жедел жәрдем" дәрігерлері қарағаннан кейін, ол балалар емханасына жеткізілген болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті