Семейде айыппұлын төлемеген жүргізушілер көліктерінен айырылды


 -  Мен енді жаяу қалам ба? Мен мүгедекті алып бара жатырмын ғой. Басы жарылған операция жасау керек. 

- Түсінемін, аға. Бірақ бірақ сот шешімін орындау керек. 

-  Жоқ, түсінбейсіз. 

Тәртіп сақшылары тоқтатқан бұл көлік иесіне 6 мәрте жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынған. 60 мың теңгені төлеуден жалтарғандықтан сот оның көлігін арнайы тұраққа апару туралы шешім шығарған екен. Алайда тізгінде болған азамат темір тұлпарды сенімхат негізінде сатып алдым деп азар да безер. Сөйтсе, жүргізуші көлікке салынған айыппұлдарды тексермеген екен. Енді соның кесірінен біраз уақыт жаяу жүруіне тура келеді. Бастапқыда өліспей беріспеуге бекінген ол, ақыры эвакуатор келгенде сабасына түсті. Енді көліктің бұрынғы иесі іздестірілуде. Төленбеген ақы содан өндірілмек.