Фестиваль іс-шарасы Семей қалалық мәдениет сарайында және жақын маңдағы алаңда өткізіледі. Оған балалар үйлері мен әлеуметтік мекемелердің 500-ге жуық тәрбиеленушісі, сонымен бірге Абай облысының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары қатысады. Айта кетейік, іс-шараға барлығы қатыса алады. Фестивальді Семей қаласы әкімдігінің қолдауымен Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырды.
«Аман келешек» балалар инклюзивті фестивалін Қор 2014 жылдан бастап өткізіп келеді. Осы уақыт ішінде оған еліміздің әр өңірінен 15 мыңнан астам балалар үйінің, түзету мекемелерінің тәрбиеленушсі мен жалпы білім беретін мектептердің оқушысы қатысты. Олардың барлығы Алматыға жиналып, пандемия кезінде онлайн қосылды. Жылда фестивальдің басты құндылығы сақталады: оған дамуында ерекшелігі бар балалар мен дені сау құрдастары тең жағдайда қатысады. Осылайша, 10 жыл бойы жобаның миссиясы Қазақстанда инклюзияны дамыту болып табылады.
Фестиваль ашылғаннан кейін ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин авторлық таңғы жаттығуын өткізді. Күні бойы фестиваль бағдарламасы аясында «Инклюзия в Казахстане» панельдік сессиясы, Big Games турнирі, инклюзивті кино көрсетілімі, шеберлік дәрісі, «Социальная модель инвалидности» дәрісі, мотивациялық public talc, ата-аналарға арналған «Мой ребенок уникален» авторлық психологиялық тренингі, бейімделген физиотренинг, аспаздық воркшоп, дефиле шеберлік дәрісі, инклюзивті fashion-шоу, Брайль шрифтіндегі жұмыстарды сипаттайтын көркем көрме өтіп, қазақстандық эстрада жұлдыздары Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев
өнер көрсетеді
Фестивальде сарапшы, спикер және қонақ ретінде ҚР Парламенті Сенаты жанындағы әлеуметтік жобалардың жетекшісі Баян Жалмағанбетова, блогерлер Ардан Ғалымұлы, Томирис Атажанова, Еркебұлан Рүстемов, суретші Нұрлан Өтепбаев, Нидерланды Корольдігінің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андре Карстенс, Канаданың Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы Елшісі Алан Хамсон, режиссер Азиз Заиров, Adamdart инклюзивті және әлеуметтік өнер театрының режиссері Алексей Ракульцев, ҚР Паралимпиадалық құрамасының мүшесі Айсұлу Сүлейменова, психотерапевт, педиатр, нарколог Махаббат Шәріпова және т.б. қатысады.
Барлық іс-шара 10 жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге, олардың ата-аналары мен тәрбиешілеріне арналған. Айта кетейік, жоба бірнеше міндетті көздейді. Олардың бірі тәрбиешіні, мұғалімдер мен ата-аналарды психофизикалық даму ерекшелігі бар балаларды бейімдеу және әлеуметтендіру бойынша оқыту. «Аман келешек» іске асқалы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қарапайым ортаға тарту бойынша тиімді әдістемелер, тәжірибелер мен кейстер қалыптасты. Фестиваль спикерлері осының бәрін семейліктермен бөліседі.
Оныншы «Аман келешек» балалар инклюзивті фестивалі жоба амбассадорының Семей тұрғындарын қала күнімен құттықтаумен аяқталады.