"17 ақпанда пештің ақауынан төрт адам, соның ішінде екі бала зардап шекті", -деді станция меңгерушісінің орынбасары Мәнсия Әукенова. 52 және 28 жастағы әйелдер мен 1 және 5 жастағы екі бала орташа дәрежелі улану белгісімен облыстық ауруханаға жеткізілді.
Сол күні жедел жәрдем бригадасы қалалық аурухананың токсикология бөліміне 20 жастағы әйел мен 13 жасар қызды моншада уланып қалған жерінен жеткізді. "Моншаны түтін тұмшалап алуы салдарынан адамдар есінен айрылып қалған", -деді М. Әукенова.