"Енді қала тұрғындары негізгі азық -түліктің ең төменгі бағалары бойынша "007" телефоны арқылы ақпарат алатын болады", - деп хабарлады Серікқазы Оразалиев.
Оның мәліметтері бойынша, анықтама қызметімен қаланың алты ірі базары және Шығыс Қазақстан ұн тарту- жем- шөп комбинаты апта сайын ақпарат алу туралы келісім жасаған".
"Биылғы жылдың қазан айында қалалық бағаларды тежеу жөніндегі штабы азық-түлік бағалары бойынша сараптама жасады. Сауда нүктелері бойынша жасалған мониторинг көрсеткеніндей, тізімдегі 54 азық түліктің 34 бойынша баға өзгеріп отырады. Кейбір өнім бағаларының тұрақталуына, 10 шақты ауыл шаруашылық жәрменкенің өткізілуі әсер еткен", -деді қала әкімінің орынбасары.
Ол атап өткеніндей, атқарушы органдары мен қант сатушы компаниялары арасында уақтылы жасалған меморандум өзінің жемісін берді.
Оның ақпараты бойынша, қазанда, қанттың бағасы 5 теңгеге төмендеді,ал қарашада сол деңгейде қалып, бір келісі 105 теңгені құрады.
Нан өнімдерінің бағасын тежеу үшін, Семейге облыстық тұрақтандыру қорынан 3 мың тонна бидай бөлінді.
"Үнның бір келісі 40 теңгені құрайды. Салмағы 500 грамдық 1 сортты шығарылатын нан құны -33-37 теңге. Ал сату бағасы 35 - 40 теңге", - деген ақпаратты қала әкімінің орынбасары жеткізді.
Оның қорытындысы бойынша, бағалардың келесі шарықтауы Құрбан-айт мерекесі қарсаңында байқалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті