Семейде "Ақсұңқар" атты орталық базар өртеніп жатыр

Кезекші бөлім қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, өрт туралы шақыру "01" пультіне 14 сағат 24 минутта түскен. "Алдымен азық-түлік өнімдері салынған қағаз қобдишалар жанып, жалын одан әрі таралған. Қазіргі жағдаймен егжей-тегжейлі ақпарат жоқ, өйткені, барлық қызметкерлер өрт шыққан жерде жүр", - дейді кезекші бөлімдегілер.

"Өртке үшінші дәреже берілді- бұл аса күрделі өрт деген сөз. Оны ауыздықтауға Семейдің өртке қарсы күрес қызметінің барлық бөлімшелері шоғырландырылды. Оқиға орнында 15 техника жұмыс істеп жатыр", -деп түсіндірді кезекші бөлімдегілер.