Семейде аулаларды жайластыру жөніндегі бағдарлама жүзеге асырыла бастады

Оның ақпараттарына сүйенсек, бағдарлама қала және облыс әкімдерінің қаулысымен әзірленген. Осы мақсаттарға қаржы қала бюджетінен бөлінген.

Үлкен кварталдардың аясындағы аулалар жайластырылады. "Бұл көрші үйлердің тұрғындары келіп, демалу үшін жасалуда. Аулаларда алтыбақандар, белтемірлер, құмдақ және басқа да кіші архитектуралық үлгілер орнатылады. Сонымен қатар, қоқыс салатын контейнелерді бетон қалқалармен қоршап, аула ішіндегі көп жылғы шұңқырларды асфальтпен жабамыз",- деді А. Ершов. Жыл аяғына дейін 20-ға жуық ауланы жайластыру жоспарланған.

Осымен қатар, жаттығу алаңдарын жайластыру жөніндегі жұмыстар да басталады, деп хабарлады әкімнің орынбасары. "Балалар денелерін шынықтыру үшін күш тренажерлері мен велотренажерлер, белтемірлер және т.б. орнатамыз",- деп түсіндірді ол. Тренежерлік алаңдар аумағы белгіленіп қойған. Олар қаланың ең адам көп аудандарында: бірінші ықшамауданда, 343 кварталда, Орталықта, Жаңақұрылыс мен Цементник ықшамауданында жасалады. Оларды күзге дейін орнату жоспарланған.