Басқарма ақпаратына сәйкес, өрт бүгін "Авиатрансгрупп" ЖШС аумағында шыққан. "Креозол сіңірілген шпалдар жанды. Бұл аса жанғыш зат және сондықтан өрт сөндіру шарасы көбік түзгіш ерітіндінің көмегімен жүзеге асырылды", - деп хабарлайды мекеме.
Шпалдарға сіңірілген заттың жанғыштығына байланысты жалынның сол маңға таяу орналасқан ағаш кесу цехына қарай ойысу қаупі болды. "Алайда, өрт сөндірушілердің шұғыл әрекетінің арқасында оған жол берілмеді", - дейді қызметтегілер.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртке жоғары күрделілік дәрежесі берілді, жалынды ауыздықтауға 10 адам мен 3 автоцистерна тартылды.