Семейде аяз салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды

23-қаңтардан бері қалада сынап бағанасы 30 градус аяздан бір көтерілмеген. Бүгін таңертең тіпті ауаның температурасы 35 градус аязды көрсетті. Осыған байланысты мектептерде 1-11 сыныптар үшін сабақ тоқтатылды.

Күн райын болжаушылардың жорамалына сәйкес, Семейдегі бұл аяз қаңтардың үшінші онкүндігінің аяғына дейін сақталады.