Семейде аяз салдарынан сабақ тоқтатылды

ТЖ департаменті хабарлағандай, ауа температурасы бүгін таңертең -26 градусқа дейін төмендеп, жел күшейген.

Қабылданған нормаға сәйкес -28 градус температура кезінде  мектеп оқушыларына сабақ тоқтатылады.

Қазгидрометтің деректеріне сүйенсек, бүгін облыс бойынша жел секундына 15-20 метрге күшейіп, қар жауып, бұрқасындатады.