Дәрігерлердің хабарлауынша, кеше кешке саяжай аймағынан үсіп қалған 42 жастағы әйел ауруханаға апара жатқан жолда қайтыс болған. "Ол саяжайда тұрған, үйдегі сынап бағанасы даладағы температураны көрсетіп тұр", - дейді дәрігерлер.
Сонымен бірге, Дулатов көшесіндегі жатақхананың сатысының үстінен 51 жастағы ер адамның мәйіті табылған. "Ол да үсіп өлген, оның қолдары мен аяқтары үсіген", - деп хабарлайды жедел жәрдем станциясындағылар.
Қалалық төтенше жағдайлар басқармасындағылардың хабарлауынша, бүгін таңертең Семейде 36 градус аязды көрсеткен, ал қазір температура - 33 болып тұр. "Аязға байланысты мектептерде 1-11 сынытар үшін сабақ тоқтатылды, кешке жолдар жабылады", -дейді басқармадағылар.