Семейде аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды

"Бүгін Семейде сынап бағанасы 27 градус аязды көрсетті, осыған байланысты қаладағы мектептерде 1 мен 9 сыныптар үшін сабақтар тоқтатылды", -дейді басқармадағылар.

Айдың екінші онкүндігінде Шығыс Қазақстанда ауаның температурасы түнде 19-24, кей жерлерде 14 градус төңірегінде болмақ. Ал онкүндіктің аяғына таман сынап бағанасы түнде 28 - 33, күндіз 20 градус аязға дейін төмендейді.

Үшінші онкүндікте сынап бағанасы түнде 6, кей жерлерде 1 градусқа дейін суықтықты, ал күндіз 3 градусқа дейін жылыны көрсетеді деп күтілуде.