"10 қаңтар күні кешке қарай ауаның температурасы күрт төмендей бастады. Осыған байланысты 16 сағат 30 минуттан бастап қаладан жолаушылар тасымалдайтын автобустарды, ал 22 сағаттан бастап халықаралық трасса барлық көлік түрлері үшін жаппай жабылды", -деп түсіндіреді кезекші бөлімдегілер.
Бүгін, 11 қаңтарда сағат 8-де трассалар ашылды және қалааралық бағыттардағы қозғалыс қайта жанданды.
11 қаңтардағы жағдаймен сағат 08-де ауа температурасы Семейде минус 30 градус болды. "Аязға байланысты мектептерде 1- 11 сыныптарда, яғни барлық оқушылар үшін сабақ тоқтатылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
"Қазір қаладағы жағдай тыныш, барлық қызметтер қалыпты тәртіпте жұмыс істеуде. Алаңдауға себеп жоқ", - деп сендіреді басқармадағылар.