Семейде азық-түлік өнімдері комбинаты өртеніп жатыр

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт туралы ақпарат кезекші бөлімге 12 сағат 39 минутта түскен. Қазір оқыс оқиға орнында өртке қарсы күрес қызметінің 15 адамы мен үш автоцистерна жұмыс істеуде.

Кезекші бөлімнің хабарлауынша, өрт Семейдегі азық-түлік өнімдері комбинаты (бұрынғы №2 нан комбинаты) ғимаратының төбесінде тұтанған. Өрт 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрттің шығу себептері әзірге белгісіз.