Жарысқа қатысушылардың бірі, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Ерлан Сыдықовтың айтуынша, сәйгүліктердің қаза табуына дайындықтың осалдығы түрткі болған. Жылқылардың кейбірі жарысқа алдын-ала дайындықсыз жіберілу салдарынан "зорығып өлген".
Дегенмен жарысты ұйымдастырушылар- әкімшілік өкілдері бәйге қызғылықты болды деп санайды. Бәйге 3, 15 және 25 шақырымдық қашықтықтар бойынша ұйымдастырылды. Оған Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарынан және Павлодар облысынан шабандоздар қатысты.
Жүлделі орындарға екі автокөлік, ақшалай сыйлықтар мен тұрмыстық техникалар тағайындалды. Бір орынды Павлодарлық жеңімпаз иемденсе, қалған орындарды Семейлік атқұмарлар жеңіп алды.