Инспекция қызметкерлері 50 және 60 жастағы балықшыларды қолға түсіру үшін жағалауды бірсыпыра уақыт аңдып жүрген. Өзен сақшылары үстінен түскен соң, қос күдікті түрлі сылтау айтып, жалтармақ болды. Бірі түн ортасында қыдырдым десе, енді бірі қайық пен қармақ басқа біреудікі деп бет бақтырмады. Дегенмен, оларға қарсы қылмыстық іс қозғалды. Заңсыз жолмен 30 келі балық алған жігіт ағалары енді 3 жылға дейін абақтыға қамалуы мүмкін.
Нұрлыбек Қожахмет, Семей қалалық балық инспекциясының бастығы:
- Олар 220 вольттық тоқпен 100 шаршы метр аумақтағы балық атаулының барлығын өлтірген. Арасынан тек ірілерін алып, қалғандарын өлген қалпы өзенге лақтырып жіберген. 30 келі балық үшін тағы 60 келідей ұсақ жәндіктердің көзін құртты.»