Адамның аялы алақанында тұрған нәзік көгілдір жер шары іспеттес ғимараттың биіктігі - 36 метр, диаметрі - 24 метр. Шардың ішінде көрме залдары, кинотеатр, мәжіліс залы орналасады. Шардың өзі шыныдан, ал оны ұстап тұрған қолдар темірден не
граниттен тұрғызылады деп жоспарланған. Бұл нысан құрылысының тағаны осыдан бір жыл бұрын салынған болатын.
"Мемлекеттік сараптамадан өттік, жобаны Мәдениет министрлігі мақұлдады, қаржылай көмек мәселесі де шешілді. Алайда белгілі бір себептермен мұражайдың ашылуы кешіктірілуде, құрылыс жуықта жалғасады", - дейді Семей қаласының бас сәулетшісі Қалдыбек Қоқиланов.