Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Сосновая көшесіндегі екі пәтерлі тұрғын үйде жарылыс болған. Жарылыс салдарынан үйдің екі бірдей сыртқы кірпіш қабырғасы, бөлмеаралық қабырғалар мен 20 шаршы метрлік темірбетон жабынды құлады.
Жарылыс салдарынан 58 жастағы пәтер қожайыны жараланды. Қазір ол әл үстінде ауруханада жатыр. Сонымен бірге жарылыс кезінде ас бөлмесінде болған көрші пәтердегі 52 жастағы адам қаза тапты.
Оқыс оқиға орнына өрт сөндірушілер, төтенше жағдайлар басқармасы мен құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлері келді. Жарылыс белгісіз құрылғының жарылуынан болған деген жорамал бар. Тергеу амалдары жүргізілуде.