Семейде білдей бастықтың ұрлығы камераға түсіп қалды

Осы қылмысы машинасына орнатылған қондырғыға жазылып қалыпты. Онда 50 жастағы апталдай азамат ұлын ертіп алып, шойынжол бойындағы шпалдарды жымқырып жатыр. Енді осы жазба қылмыстық істе басты айғақ ретінде қолданылуда. Ұрланған мүлікті өзінің шаруа қожалығына апарып түсіріп, қарға көміп жасырған. Басқа құрылыс материалдары құрып қалғандай, шпалдарды сұғанақ қора салуға қолданбақшы болыпты. 

Loading...