Семейде бір әйел адам екі көліктің арасында қысылып қалды

Дәрігерлердің ақпараты бойынша, станцияға саяжай аймағынан көмек керек деген хабар түсті. "47 жастағы әйел адам айтқанындай, аялдамада оны автобус пен маршрутка көліктері қысып тастаған. Мұндай жағдайда ол 5-10 минуттай тұрған", - деді дәрігерлер.

"Әйел көкірегі тұсында пайда болған ауырлыққа шағымамды. Жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасында жасалған тексерулер бойынша, әйелдің қабырғасы сынып, зақым келген", - деп толықтырды станциядағылар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті