Семейде бір бозбала суға батып бара жатқан баланы құтқарып алды

Бұл оқиға 12-шілдеде қаланың Затон ауданында болған. 20 жастағы А.Шмидт достарымен бірге Ертіс өзенінде жүзіп жүрген кезде көмекке шақырған дауысты естиді. Сөйтіп ол суға батып бара жатқан 10 жастағы баланы құтқарып алды. Жағалауда ол балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жасанды жолмен тыныс алдырып, жедел жәрдем станциясына жеткізген. Ол жерден бала облыстық аурухананың реанимация бөліміне жеткізіледі. Ал бүгін бала аурухананың соматикалық бөліміне көшірілді, оның жағдайы тұрақты деп бағалануда.