Семейде бір қылмыскер түрмеден қашып кетті

Оның айтуынша, қазанның 28-інен 29-ына қараған түні Жарма ауданының Солнечный ауылында орналасқан жалпы тәртіпті ОВ-156/18 абақтысында отырған тұтқын қашып кеткен. "Қамаудағы адам негізгі қоршаудан өту арқылы белгісіз жағдайда қашып кеткен. Әскерилер қоршаудың осы тұсында күзет қоймай, қателікке жол берген деп санаймын",- дейді прокурор. 22 жастағы қашқын осы жылдың тамыз айында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.

Қазір қашқынды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл шараға қылмыстық атқару жүйесінің барлық шұғыл қызметтері, соның ішінде республикалық қызметтер де жұмылдырылған. Сонымен бірге қашқынның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің "бас бостандығынан айыру орындарынан, тұтқыннан немесе қамаудан қашу" жөніндегі 358-бабы, 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Прокурордың айтуынша, бұл соңғы үш жылдағы бірінші абақтыдан қашу оқиғасы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті