"Қала әкімі қалалық екі кәсіпорынмен - "СемНан" ЖШС және "Семейдің азық-түлік комбинатымен" меморандумға қол қойған болатын. Солар облыстық тұрақтандыру қорынан астық алып отыр. Оларға қойылған ең басты шарт - бірінші сұрыпты нанды 43 теңгеден, екінші сұрыпты нанды 39-40 теңгеден қымбатқа сатпау",- деп хабарлады С. Бақтажаров. Қазіргі уақытта қалада 122 сауда орны нанды осы бағаға сатуда.
С. Бақтажаров сондай-ақ, тұрақтандыру қорынан астық аталған екі ірі кәсіпорыннан басқа да шағын наубайханаларға тасымалданатын болады, оларға да дәл осындай шарт қойылмақ, деп хабарлады. "Бізбен жұмыс істеуге 20-ға жуық ұсақ наубайханалар келісіп отыр. Сөйтіп, біз бүкіл қаланы 43 теңгеден қымбат емес нанмен қамтамасыз ете аламыз",- деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, С. Бақтажаровтың хабарлауынша, "тұрақтандыру қорынан шығарылатын нанның бағасы келешекте арзандауы да мүмкін".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті