"Әскери сотқа гарнизонның бір әскери бөлімшесінің әскери қызметкеріне қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Бұл жігіт өзінен шені төмен әскериден ұялы телефонына бірліктер қосу үшін ақша бопсалаған", - деді А. Қайыров.
"Ол бопсалау барысында әскерді бірнеше мәрте соққыға жығып, тіпті оның ата-анасына ақша жіберуді талап етіп телефон да соққан", -дейді сот төрағасы.
Күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 181 бабының 2 тармағы (бопсалаушылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды, соған сәйкес оған 3-7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы жүктелуі мүмкін. "Қазір ұсталған әскери ешқайда кетпеу жөніндегі қолхат берді", - деді А. Қайыров.