Облыстық ТЖ департаментінің хабарлауынша, ер адамның денесінің 52 пайызын күйік шалған. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, пациенттің жағдайы ауыр. қазір ол жан сақтау бөлімінде жатыр.
Кейін белгілі болғандай, оқиғадан бірнеше сағат бұрын дәретхана шұңқырына дәнекерлейтін шамның ішіндегі бензин төгілген. «Күйген еркек мұны ұмытып кеткен немесе бұдан бейхабар болуы мүмкін», - дейді департамент өкілі.