Семейде экологтар қаланың ірі ықшамауданына қызмет көрсететін дюкердің ахуалына алаңдаушылық танытуда

Оның айтуынша, "Затон" ықшамауданында орналасқан төменгі канализация дюкерінің ахуалы сын көтермейді.

"Онда 2002 жылы суасты тексеруі жүргізіліп, сол кездегі түсірілімдері дюкердің апаттық жағдайда тұрғандығын көрсеткен болатын. Осыдан кейін ешқандай тексеру жүргізілмеген және біз бұл дюкердің қазіргі жағдайынан бейхабармыз",- деді В. Тюрин.

Оның хабарлауынша, "аталмыш проблеманы шешудің бірнеше жолдары қарастырылып жатыр. Бұл дюкерді жөндеу туралы сөз қозғаудың өзі артық. Ал басқа жолы - канализция қалдықтарын тері комбинатының тазалау орындарына ағызу болып табылады, бірақ бұл шешім әлі бекітілген жоқ".

Соңында мамандар қалдықтарды Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпір маңында орналасқан, қолданыстағы коммуникациялық тоннельге "ағызу" тиімді, деген пікірге келді.

"Бұл ең тиімді жол, себебі тоннель қаланың Затон жағына кез-келген уақытта қызмет көрсете алады",- деді эколог.

Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негізін әзірлеумен тендерді жеңіп алған "Эко Аир" (Өскемен) кәсіпорыны айналысуда. Облыстық бюджеттен осы мақсатқа 12 млн теңге бөлінген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті