Семейде экстремалдар 12-ші қабаттан секірді

Спорттың осы экстремалдық түрін насихаттау үшін кәсіпқойлар көрші Ресейден келген. Секіруге арналған құрылғылар қаңырап бос тұрған көп қабатты үйге орнатылды. Әлеуметтік желілер арқылы экстремалдардың келетінін естіген семейліктердің бірі батылдығын тексеруге ниеттенсе, енді бірі тәуекелге барғандарды көргісі келген. 40 метр биіктіктен құлдилағандардың саны 30-ға тақады. Кейбірі 12-ші қабатқа көтеріліп, дәл секірер алдында бас тартып, кетіп қалып жатты. Жүрек жұтқандардың арасында арбаға таңылған мүгедек те бар. Мүмкіндігі шектеулі қыздың батылдығына ұйымдастырушылар таңдай қақты.

Айдана Сиязова, Бірінші топтағы мүгедек:

-Секірген кезде қатты қорықтым. Аспан менен алыстап ұшып кеткендей болды. Қатты әсер алдым. Бүгін болмаса да, келесі жолы келіп жатса, міндетті түрде тағы секіремін.

Loading...