Семейде электр қуатын жіберуге шектеу енгізілді

"Бұл хат арқылы "КЕГОК"АҚ "Шығысэнерготрейд" ЖШС-ін электр қуатын жіберуге шектеу енгізу мерзімі 16 мамыр күні Астана уақытымен 12 сағатқа ауыстырылғанынан хабардар еткенін құлағдар етеміз. Бұл шектеулер облыстағы елдімекендерде электр қуатын ауық-ауық үзуге алып келмек, соның салдарынан тұтынған электр қуаты үшін төлемді дер кезінде төлеп келген тұтынушылар зардап шегеді, ал олар халықтың басым бөлігі", - делінген хатта.

"Шығысэнерготрейд" ЖШС-іне тұтынған электр қуаты бойынша басты берешек кәсіпорындар 2008 жылдың 16 мамырындағы жағдаймен "Теплокоммунэнерго" ҚКК (берешегі 43 087 702,71 теңге) және "Семей-Водоканал"ҚКК (берешегі 60 215 840, 7 теңге) болып табылады.

" "Шығысэнерготрейд" ЖШС аталған кәсіпорындардың электр қуатын тұтынуына шектеу қоюға мәжбүр", - делінген хатта.