Семейде екі мыңға жуық абонент жарықсыз қалып отыр

Электрмен қамту желілерін қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстарына «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ Семей АЭС-ның 80 адам мен 18 техника бірлігінен құрылған бригадасы жұмылдырылған. Қала әкімдігінің жанында құрылған комиссия келтірілген шығынды қорытындылап шықты: білім берудің 19 нысаны мен 42 тұрғын үйдің шатырын жөндеу қажет.

Бұдан басқа, дәрігерлердің хабарлауынша, жедел медициналық көмек қызметіне жаңбыр аралас дауылды жел салдарынан зардап шеккен екі азамат келді.

55 жастағы әйел омыртқасының мойын бөлігін ауыртып алып, бас миы шайқалған. Дәрігерлер оның жағдайы орташа деп бағалап отыр. 51 жастағы тағы бір әйелге оң жақ жіліншігінің жабық сынығы диагнозы қойылған.

Естеріңізге сала кетейік, 14 маусым күні Семей қаласынд екпіні секундына 30 метрден астам жылдамдықпен соққан дауылды жел болды.


15 маусымда жаңбыр мен қатты жел облыстың бірнеше басқа ауданы мен қалаларында - Аягөз, Жарма, Көкпекті, Қатон Қарағай, Абай аудандары және Риддерде болған. 700-ге жуық абонент күні бойы жарықсыз отырды.

Табиғи апат салдары сол күнгі сағат 21:00-де қалпына келтірілді.