Семейде екі қыз мұз астына түсіп кетті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 3 сәуірде, сағат 16:33-те Восточный кентінде болған.

Суретке түспек болып Ертіс өзеніне барған 23 және 24 жастағы екі қыз мұз астына құлап кетті.

"Жақын жерде болған ер адам көмекке келіп, 1998 жылы туған қызды құтқарып үлгерді. Алайда қызға көмек қолын созып үлгермеген. Құтқарушылар судан оның денесін алып шықты", - делінген ақпаратта.

ТЖД қызметкерлері өңір жұртшылығына мұз үстінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін еске салды.