Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін 10 сағат 15 минутта “О2” кезекші бөліміне ұялы телефоннан қоңырау шалынып, жаңа көпірде бомба орнатылғанын әлдебіреу хабарлаған. Шұғыл кезекші бұл туралы барлық шұғыл әрекет етуші қызметтерді құлағдар етті. ІІБ басшылығының бұйрығымен тексеру мақсатында көпір бірден жабылды. Алайда 10 сағат 47 минутта ІІБ-ның кезекші бөліміне қайтадан қоңырау шалған әлгі адам өзінің қалжыңдағанын жеткізген.
Дегенмен, арнаулы қызметтер тексеруді толық аяқтауға шешім қабылдады. Қазір қозғалыс бұрынғы ескі көпірмен жүзеге асырылуда. Осыған байланысты өткел маңында үлкен көлік тығыны түзілді.