Семейде Ертіс ернеуінен асуға жақындап, тұрғындар түгел көшуге дайындалып жатыр

Бүгін таңсәріден бастап Шығыс кентінің тұрғындары төбесінен жай түскендей күй кешті. Жергілікті арнадан су басу қаупі төнгенін естіген олар абдырап қалды. Кейбірі еш ойланбастан көшіп үлгерсе, енді біреуі не істерін білмей отыр.

Совет Ахметқали, Семей қаласының тұрғыны:

-Ақырындап құжаттарды жинап жатырмыз. Одан кейін қорамызда малымыз бар еді, оны қайда апаратынымызды білмей тұрмыз.

Ертіс өзеніндегі су деңгейі бір тәуілікте 1 жарым метрге бір-ақ көтерілген. Енді аяқастынан арнасынан асса, біршама баспана қақаған қаңтарда көлкіген суда қалуы мүмкін. Айта кетейік, бұл Шығыс кенті өткен жылғы қыста да тасқыннан зардап шеккен. Ол кезде жұрт ешкім алдын-ала ескерту жасамады деп шағымданған болатын. Ал биыл төнген қауіпті естіген бойда тайлы-тұяғы қалмай жедел жеткен шенеуніктер мен құтқарушылар апаттың алдын алуға жанталасып жатыр. 

Димитрий Гариков, ШҚО әкімінің орынбасары:

-Инерттік материалдар мен арнайы техниканың барлығы дайын. Егер су мөлшері тағы да артатын болса, үйлерді басып қалмауы үшін жағалауларға төсейтін боламыз.

Бүгінде Ертіске жақын орналасқан аймақтардың барлығына күзет қойылған. Олар су деңгейін сағат сайын өлшеп отырады. Сондай-ақ, қауіп төнген жағдайда әр үйге кіріп, шұғыл хабар жеткізу міндеттелді. 

Loading...