Семейде ескі көпірдің бір бөлігі құлап кетті


Көпірінен өтіп бара жатқандар өткелдің бір бөлігінің құлағанына куә болды. Бұл кешкі сағат 20:00 шамасында болған. Куәгерлер түсірген бейнежазбада көпірдің қатты зақымданғанын көруге болады.

Алайда қазір көпірде көлік қозғалысына тыйым салынған. Бұл оқиғаға әкімдікте түсініктеме берілді.

"Бүгін сағат 20.00 -де вагон көпірінің оң жақ тротуар бөлігінде жаяу жүргіншілер тақтасы сынып кетті. Қала әкімінің орынбасары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері, жол -патрульдік қызмет көпірге барып, олқылықтарды тексерді. Қазір көпірде қозғалыс тоқтатылды",- деп мәлімдеді қала әкімдігі желідегі парақшасында.