"Қаладағы ғимараттардың өң бетінің басым бөлігіне жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Осыған орай қала басшылығы арнайы бағдарламаны дайындап, оның аясында барлық ғимараттардың өң беті жөнделетін болады", - деп түсіндірді С. Оразалиев.
Оның сөздері бойынша жағдайы нашар учаскелерді анықтау үшін Семей әкімдігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылды. Бұл топ бағдарламаның жүзеге асырылуын қадағалайтын болады.
"Бірінші кезекте Шәкәрім, Әуезов, Абай сияқты орталық көшелер қолға алынады. Алда істелетін жұмыс өте көп", - деп атап өтті әкімнің орынбасары.
Ол атап өткеніндей, 2008 жылы Семейді көріктендіруге бюджеттен 25 млн теңге бөлінеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда еке есеге артық.